Артқа
Артқа

Бірінші тоқсанда 526 ЭКҰ қызметі көрсетілді - Төкежанов

2021 жылы медициналық сақтандыру Қоры алдын ала сомасы 6,2 млрд теңгені құрайтын 7000 ЭКҰ циклын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жасанды ұрықтандыру рәсімін жүргізуге квота саны 2020 жылмен салыстырғанда 7 есе өсті. Бұл туралы ӘМСҚ басқарма Төрағасы Болат Төкежанов ОКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді.

Биыл экстракорпоральды ұрықтандырудың 526 процедурасы орындалды. Мәселен, өткен жылы 1-тоқсанда барлығы 59 ЭКҰ жасалған.

2021 жылдың басынан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда "Аңсаған сәби" бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ЭКҰ бағдарламасы аясында 2018 жылы ТМККК шеңберінде 902 циклды және 2019 жылы да  дәл осы көлемді қаржыландырған.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, репродуктивті технологияны жүргізу нәтижесі 45-60% жетеді. ЭКҰ жүргізу тиімділігі біздің елімізде орта есеппен 15%-дан 42% -ға дейін өсті. Бала туу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші 30% деңгейінде, бұл ең жақсы еуропалық клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді.

ЭКҰ кімдерге арналған? Ең басты аталған процедура терапевтік жолмен емдеуге келмейтін бедеулік диагнозы қойылғандарға арналған.  ЭКО-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады. Міндетті түрде үміткердің ерікті жазбаша  келісімі болуы керек.

Сонымен қатар Қазақстан азаматы болуы және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет – бұл репродуктивті жас (18-ден 42 жасқа дейін), қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебе, жоғары фолликулярлық резерв.

Науқасқа ұрықтандырудан бас тарту бірнеше жағдайда әсер етуі мүмкін: жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез-келген локализацияның онкологиясы.

ЭКҰ-ға жолдама алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажет. Ұйым мамандары пациентті бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тіркеліміне қосады және бірқатар тексерулер тағайындайды. 12 ай ішінде МСАК ұйымы бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Оң шешім қабылданған жағдайда, әйел «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркеліп, рәсімге дайындала бастайды. Пациент экстракорпоралдық ұрықтандыру үшін клиниканы өз бетінше таңдауға құқылы.

Айта кету керек, жылына бір рет МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан тегін өтуге болады. МӘМС жүйесінде ЭКҰ жүргізу алдында ерлі-зайыптыларды тексеру көлемі көзделген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Еліміздің 8 өңірінен 19 медициналық ұйым ҚР-да ЭКҰ қызметтерін жеткізушілер болып табылады, олардың ішінде жеке меншігі -18. 

ЭКҰ жүргізу қағидалары және ілеспе іс-шаралар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығында жарияланған.

12.05.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАК ПРОВЕСТИ КАНИКУЛЫ С ПОЛЬЗОЙ?
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?
Жаз – баланың денсаулығына көңіл бөліп, профилактикалық тексерулерден өтуге таптырмас кезең. Балаларды қорғау күні қарсаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кішкентай пациенттер үшін ТМККК және МӘМС аясында қандай медициналық қызметтер бар екенін еске салды.
30.05.2025
В ПОДДЕРЖКУ ВРАЧЕЙ: ГЛАВА ФСМС ПРЕДСТАВИЛ ПОСТАВЩИКАМ НОВЫЕ ПОДХОДЫ
ДӘРІГЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ: ҚОР БАСШЫСЫ ЖЕТКІЗУШІЛЕРГЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті мониторингтеу, төлеу және сатып алу тәсілдерін жүйелі түрде жаңғыртуды қолға алды. Астана мен Алматы қалаларында өткен жұмыс кездесулерінде Қордың басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов жеткізушілерге жаңа тәсілдерді таныстырды.
26.05.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА АПРЕЛЬ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
2025 жылдың сәуір айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды жинап шықтық.
20.05.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу